Жоба Ордабасы ауданындағы «Бадам» индустриялды аймағында жүзеге асырылады деп күтілуде. Кірпіш блоктары мен шатыр жабынқыларын грек компаниясы «GMT Kazakhstan investments A.E» көне италияндық құрылғылары арқылы керамикалық өндіріс жабдықтарын шығаруда маманданған «Маркелуццо Импьянти» жүзеге асырмақ.
Мұндай келісімге облыс әкімдігінде өткен кездесуде қол жеткізілді. Құрылысқа құйылатын инвестицияның құны 26,1 млрд. теңгені құрайды деп күтілуде. Жоба 2016 жылдың соңына дейін іске асырылып, нысанның құрылысы аяқталғаннан кейін 255 жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделуде.
Зауыттан шығарылатын өнімдердің 80 пайызы Қазақстанның ішкі нарығына шығарылып, қалған 20 пайызы шетелге экспортталмақ, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.