Астанада бірлесіп білім беру мен халықаралық ынтымақтастық мәселесіне арналған семинар өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада бірлесіп білім беру мен халықаралық ынтымақтастық мәселесіне арналған семинар өтеді

10.02.2016
Астанада бірлесіп білім беру мен халықаралық ынтымақтастық мәселесіне арналған семинар өтеді

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз мәліметтері бойынша, аталмыш шараны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы АҚШ Халықаралық білім беру институтының қолдауымен өткізбек.

Семинардың мақсаты – АҚШ университеттерінің тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанның жоғары оқу орындарында интернационалдандыру тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Дәрістің тыңдаушылары халықаралық ынтымақтастықтың дамуына жауапты Қазақстан жоғары оқу орындарының өкілдері. Дәрісші ретінде Иллиной университетінің халықаралық білім және біліктілікті жоғарылату бойынша бөлім (АҚШ, Урбана-Шампейн) директоры Мэтт Розенштейн және ҚР білім беру ісін реформалау бойынша сарапшылардың Ұлттық командасы мүшелері сөз сөйлейді.

Бұдан бөлек семинар жұмысына  АҚШ-тың  Қазақстандағы елшілігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері қатысады.

Олар академиялық ұтқырлықты дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, интернационалдандыру жүйесінің сапасын бағалау, университеттің халықаралық қызметін стратегиялық жоспарлау сияқты интернационалдандыруға қатысты маңызды деген мәселелер талқыланады.   

Хабарламаларға жазылу