«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Әке» атты жаңа отандық телехикаяның тұсауы кесіледі (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Әке» атты жаңа отандық телехикаяның тұсауы кесіледі (ФОТО)

10.02.2016
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Әке» атты жаңа отандық телехикаяның тұсауы кесіледі (ФОТО)

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы наурыз айынан бастап, «Әке» атты жаңа отандық фильмнің тұсауын кеседі. Туындының қоюшы режиссері Асқар Ұзабаев.

Басты рөлдерде белгілі актерлер Азат Сейтіметов, Жұлдыз Әнуарова, Әлихан Байсұлтан ойнайды.

Жарынан айырылған жалғызілікті әке қызы мен ұлын ертіп, ауылдан Алматыға көшіп келеді. Балаларының болашағына алаңдаған ол қалада жақсы жұмысқа орналасып, үлкен мүмкіндіктер мен бақытты өмірге қол жеткізуге болады деп сенеді. Қатарынан кем қылмай оқытып, олардың үлкен өмірге дұрыс қадам басуына көмектескісі келеді. Бірақ, балалары қала өміріне бейімделе қоймайды. Әкелері өзіне оңтайлы жұмыс іздеп, көп қиналады.

Өмірдің қадам басқан сайын алдыңнан шыға келетін сан түрлі қиындықтарына шыдас беруге әкенің күші жете ме? Балаларының өзіне деген кіршіксіз махаббаты мен сенімін кері қайтару жолында қандай тәуекелдерге барады? Телехикая осы оқиғалар төңірегінде өрбиді.

Жаңа туынды 12 бөлімнен тұрады.

Хабарламаларға жазылу