Кофемен сурет салу өнері (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кофемен сурет салу өнері (ВИДЕО)

10.02.2016
Кофемен сурет салу өнері (ВИДЕО)

Өнердің қай түрі болмасын, үнемі дамып, өзгеріп тұрады. Көпшілікті таң қалдыру үшін өнер адамдары бірінен-бірі асып, жаңа бағыт іздеуге  талпынады. Мысалы, бейнелеу өнерінде кәдімгі кофені бояу ретінде пайдалана отырып, салынған суреттер үлкен танымалдылыққа ие болуда.

Кофе – арт-термин ретінде 1990 жылдары енген. Бұл өнердің бүгінде ең көрнекті өкілі Джулия Бернарделли (Giulia Bernardelli).

Кофемен сурет салу жеке мектеп ретінде қалыптасты. Бұл техниканы көбіне абстракционизм бағытында қолданады.

Әлемдегі ең ерекше және жалғыз зағип суретші – Джон Брамблитт. Оның сурет әлеміне келуі де жеке құбылыс. Джон Брамблитт жүйке жүйесі дертіне шалдығады. Бұл Джонның өте аз уақыт ішінде көру қабілетінен айырылуына алып келеді. Күйзелістен шығып, сабырға келуі үшін ол сурет өнерімен айналыса бастайды.

Джон Брамблитт бояу түстерін зағип жандарға арналған брайлль алфавиті арқылы ажыратып таңдайды. Ал, суретті арнайы дайындалған кенепке салады.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу