Әйгерім Қалаубаева, Ұлықпан Жолдасов – «Сағатқа сыр» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әйгерім Қалаубаева, Ұлықпан Жолдасов – «Сағатқа сыр»

10.02.2016
Әйгерім Қалаубаева, Ұлықпан Жолдасов – «Сағатқа сыр»

Еркіме бағынбаған күндерімді тұр санап,

Күрсінді қабырғадан маған қарап сағат.

Уақыт да дамыл таппай жылжисың,

Жандырып жанымды оттай сен сырғисың

Жан сырымды тек білмейсің, әттең.

 

Қайырмасы:

Сағат асығады,

Бақыт қашық әлі.

Менің бір мұңымды,

Неге жасырдың?

 

Айтшы сен тәтті өмірден,

Адаспайтын жол қайда?

Ғажайып сәттерімде

Тым болмаса бір сәт келмей ме қайта?

Асықпа, асықпашы, тілеймін,

Жанымды жасытпашы мен бөледім,

Бақыт күтіп жүр жүрегім менің.

 

Қайырмасы:

Сағат асығады,

Бақыт қашық әлі.

Менің бір мұңымды,

Неге жасырдың?

Хабарламаларға жазылу