Бірлескен іс-қимылдар жоспары аясында тараптар 2017 жылы өтетін көрмеге дайындық және оны өткізу бойынша өзекті мәселелерді жұмыс тәртібінде талқылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметі таратқан мәліметтер бойынша, А. Есімов ұлттық компания атқарған негізгі жұмыстарға тоқталып, іс-шаралардың кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын, барлық бағыттар бойынша жұмыстардың күшейтілгенін және Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың бәрі орындалып жатқанын атап өтті.
Бүгінгі таңда 74 мемлекет пен 14 халықаралық ұйым ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындарын ресми түрде растады, сондай-ақ, ЭКСПО-2017 басқарма төрағасы көрменің ашылуы кезінде қатысушы мемлекеттердің саны 100-ге жететініне сенім білдірді.
Елорда әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев қаланы аталмыш маңызды шараға дайындау жөнінде толығырақ айтып берді.