Биыл Халық әртісі, театр актері Ыдырыс Ноғайбаевтың туғанына - 85 жыл.
Жастайынан халқымыздың ән-күйі, салт-дәстүрімен сусындап өскен Ыдырыс Ноғайбаев 15 жасында Алматы көркемөнер училищесіне түскен. 50-ші жылдардың басында Мәскеуде А.В.Луначарский атындағы театр өнері институтында білім алған актер М.Әуезов атындағы драма театрға шақырылады.
Режиссер Гольдблат қойған Назым Хикметтің «Фархат-Шырын» спектакліндегі Фархат образы - сахнадағы алғашқы рөлдерінің бірі.
Актер өзіндік келбеті бар, тұлға боларлық кейіпкерлерді жарқын әрі нанымды беруге күш салды. «Айман- Шолпандағы» Көтібар, «Еңлік-Кебектегі» Есен, «Қарақыпшақ Қобыландыдағы» Қобыланды, «Абайдағы» Абай, «Қан мен тердегі» Қален - тынымсыз еңбекпен келген образдар.
Актердің әлемдік драматургиядан сомдаған рөлдер галереясы туралы толығырақ «Таңшолпанда».