Азық-түлік сатып алмас бұрын нені ескерген жөн?
Өнімнің шығарылған уақыты мен сақтау мерзімі
Егер өнімінің сыртында жарамдылық мерзімімен шығарылған уақыты көрсетілмесе, ол өнімді алмаған дұрыс. Себебі өнім туралы ақпарат тауар сапасын білуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жапсырмақағазда өнімнің дайындалуы, қолданылуы туралы ақпараттар болуы қажет.
Өнімнің тағамдық және энергетикалық құндылығы
Өнімнің жасырмақағазында міндетті түрде энергетикалық құндылығы, яғни өнімнің 100 г калориясы, азық құрамындағы ақуыз бен майлар, көмірсулардың құрамы туралы ақпараттар көрсетіледі.
Еуропадан шығарылатын өнімдерде майдың қандай түрлері қолданылатыны, қант қанша мөлшерде болатыны, қандай көмірсулар өнім құрамына кіретін туралы жазу міндеттелген. Бұл адам денсаулығына зиян тигізбес үшін жазылады.
Азық-түлік таңдарда оның құрамы туралы қысқа әрі нақты ақпарат беретін өнімді таңдаған дұрыс. Сапалы өнімде ақпарат ретімен беріледі.
Сонымен қатар, өнім сыртында тауарды өндіруші және импорттаушы орындар көрсетілуі керек. Шетелге тасымалданатын тауарларда украин тілінде жазылған жапсырмақағаз болуы тиіс. Ал, азық-түлікті өндірген кәсіпорынды штрих-код арқылы білуге болады. Сонымен қатар, өнімді өндіруші орын тауардағы биологиялық қосымшаларды, иістендіргіштерді, түрлі бояуыштар туралы ақпараттарды көрсетуі керек.