Жапониялық «Sony» компаниясы А6300 модельді фотоаппаратты таныстырды. Құрылғы автофокус жылдамдығымен мақтана алады. Фокустандыру үшін бар-жоғы 0,05 секундты талап етеді.
Сондай-ақ, фотоаппаратпен 4K сапасы бойынша видео түсіруге де болады.
А6300 фотоаппаратына 24,2 мегапикселді APS-C CMOS сенсоры орнатылған. Суретті өңдеуге BionZ орталық процессоры жауап береді. Ал, ISO ауқымы 100 бен 51200 аралығын қамтиды.