Дәрі-дәрмектердің көбін жарықтан қорғаған дұрыс. Себебі, ампула ішіндегі дәрі көбіршіктеніп түрлі химиялық реакцияларға ұшырайды. Осыдан дәрінің құрамы өзгеріп, улануға дейін әкелуі мүмкін. Сондықтан, дәрілерді арнайы жарық түспейтін шкафтарда сақтаған жөн.
Сонымен қатар, дәрі-дәрмектерді сақтауда арнайы дәрі қораптарын пайдаланған дұрыс. Капсула, ұнтақ түріндегі дәрілер, жабыстырғыш пен жарақатты таңатын дәкелер белсенді түрде ылғалды өзіне сіңіреді. Сондықтан оларды ваннадағы шкафтар мен ас пештерінен алыс жерлерде сақтаған абзал.
Тоңазытқыш пен құрғақ жерлерде көбіне көзге арналған дәрілер мен құлаққа арналған майлар мен майшамдар сақталады. Оларды тоңазтқыштағы мұздаққыштан алыс ұстау керек. Себебі, дәрілер 0 градустан төмен жағдайда дәрілік қасиетінен айырылады. Дәрі-дәрмектерді 2–8 °С жылы температурада сақтау ең дұрысы.
Мерзімі өтіп кеткен дәрілерді ішу өту қауіпті. Оларды мүлде пайдаланбаған жөн. Сол себептен дәріден уланып қалмас үшін қаптамасы мен қатар нұсқаулығымен сақтаған қауіпсіздірек.