Қыз-келіншектердің сөмкесіз жүре алмайтыны белгілі. Әр бойжеткен сөмке сатып аларда стилі мен өмір салтына, талғамына қарай таңдау жасайды. Әйтсе де, бүгінде сапалы сөмкені айыру қиын.
Ең алдымен, тігісіне назар аударыңыз. Тігісі жиі және біркелкі сөмке ауыр салмақты көтеріп қана қоймай, жыртылу мен үзілуге төзімді.
Аксессуарды ұзақ уақыт ұстауға сапалы фурнитура кепіл. Сапасы жоғары сөмкелерде жылтыр моншақтар көп бола бермейді. Сатып алмас бұрын, сөмкенің сырмасына да назар аударған жөн. Ол дұрыс ашылып-жабылуы тиіс.
Таза былғарыдан тігілген сөмке сапалы және әдемі келеді. Егер оның таза былғарыдан жасалғанына күмәндансаңыз, алақаныңызды басып көріңіз. Егер біраздан соң қолыңыз жыли бастаса, демек сөмке таза былғардан тігілген.
Сөмке таңдауда қыз-келіншектерге қажетті кеңестер топтамасы толығырақ «Бірге таңдаймыз!» бағдарламасында.