Әзірбайжан асханасы әлемдегі ең көнелігімен, әрі әртектілігімен ерекшеленеді. Елдің ұлттық тағамдары көбіне сүт, ет, ұн, көкөністен жасалады. Тағамдарды дайындау тәсілдері әртүрлі.
Бұрынғы уақытта тағам түрлері географиялық аумақ пен адамдардың әлеуметтік жағдайына байланысты болған. Асхананың негізгі компоненттері елдің табиғи ерекшеліктеріне байланысты: таулы және субтропиктік климат.
Әзірбайжан асханасында қой еті, құс еті, өзен және теңіз балықтары, жеміс пен көкөніс жиі қолданылады. Онымен қоса, әртүрлі дәмдеуіштер мен хош иісті шөптер: вазари, жасыл және қара рейхан, ащы бұрыш, тмин, кинза, шафран, сумахи кеңінен пайдаланылады.
Әзірбайжан ұлтының тағамдарынан Сіз қайсысын дайындай аласыз? Бүгін 12:35-те «Ас болсынды» көріңіз.