Әйгілі флейташы Аурэль Николет қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әйгілі флейташы Аурэль Николет қайтыс болды

05.02.2016
Әйгілі флейташы Аурэль Николет қайтыс болды

1 ақпан күні XX ғасырдың ең танымал және әсерлі флейтада ойнаушылардың бірі Аурэль Николет қайтыс болды.

Ерекше бай және нәзік дыбыстың авторы тыңдармандардың жүрегін заманауи және креативті шығармаларымен ғана емес, сонымен қатар классикалық Бах пен Моцарт туыныдыларын орындауымен де баурап алды.

Музыкант Швейцарияда Ньюшатель қаласында туған. Париж Консерваториясында оқып, сол жерде үздік флейтада ойнаушы атанған. 1945 жылы Цюрихте Тонхэйл оркестірінде жұмыс істеді. Аурэльдің танымалдылығы 1950 жылы дирижер Вильгельм Фуртванглер оған Берлин Филармониясының бірінші флейтасы атағын бергенде шарықтады.

Берлиннен 1959 жылы кеткеннен кейін, ол өзінің жеке карьерасын бастап, танымал музыканттармен бірге жұмыс істеді. Бұдан басқа, ол құрметті ұстаз болып, танымал флейта орындаушыларын тәрбиелеген.

Хабарламаларға жазылу