Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасындатып, жел күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасындатып, жел күшейеді

05.02.2016
Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасындатып, жел күшейеді

Қазақстанның басым аймағында әлі де атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) түсуі сақталады. Кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады,  бұрқасындатып, жел күшейеді, республиканың оңтүстік-шығысында ғана ауа райы ашық болады, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып,  көктайғақ болады,  басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с-қа дейін күшейеді.

Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі,  Жалаңашкөл аймағында жел 18-23 м/с-қа дейін  күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші  15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Қызылорда, Атырау, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұманды болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, Ақтөбе облысында тәулік бойы, күндіз Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Қостанай облысының басым бөлігінде  бұрқасын болып, жел 15-20, екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді, кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұман, көктайғақ болып, басым бөлігінде жел күші 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

 Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасынды, тұманды, көктайғақ болып, басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с-қа жетеді.

 

Хабарламаларға жазылу