Павлодарда мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырғандарға «Skype» арқылы психологиялық көмек көрсетілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырғандарға «Skype» арқылы психологиялық көмек көрсетілмек

04.02.2016
Павлодарда мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырғандарға «Skype» арқылы психологиялық көмек көрсетілмек

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы және Қазақстан-Ресей медициналық университетімен бірлесіп, онлайн-кеңес түрінде психологиялық көмек көрсетуді қолға алды. 

«Егер де сіз отбасыңызда мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырсаңыз және психологиялық көмек алуды қажет етсеңіз, 1411 телефон нөміріне қоңырау шалыңыз. Кейін жеке куәліктің ЖСН нөмірін айтып, кезекшімен ақылдасып, өзіңізге ыңғайлы уақытты белгілеп аласыз. Мұндай көмек түрі «Skype» арқылы көрсетіледі. Кеңес берушілермен байланысқа шығу үшін krmu1411 мекенжайын теру керек, - деп жазылған ұйымдастырушылар жіберген хатта.

Хабарламаларға жазылу