Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысына 416 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысына 416 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды

04.02.2016
Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысына 416 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды

Негізгі салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 254 млрд. теңге, үлесі 61,2 пайызын құрады. Халықаралық, шетел және еліміздің тәуелсіз сарапшыларымен жүргізілген сауалнаманың қорытындысымен біздің облыс өңірлер арасында инвестиция тартуға тиімді, әрі қолайлы болып табылған.

Шетел инвестицияларын тарту және сауда-экономикалық қарым-қатынасты орнату мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы мен бизнес өкілдерінің қатысуымен Ұлыбритания, Ресей Федерациясы мен Украина, Корея және Қытай елдеріне арнайы іскерлік сапарлар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жыл сайын өткізілетін іскерлік сапарлардың нәтижесінде облыста 4,1 млрд. АҚШ долларын құрайтын 42 шетел жобалары іске асырылуда. Бүгінгі таңда 42 жобаның 12-і іске қосылды.

Сонымен қатар, ынтымақтастықты орнату мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысына АҚШ, Италия, Германия, Венгрия, Болгария, Польша, Канада, Түркия, Иран, Оңтүстік Корея, Қытай және Жапония елдерінің ресми тұлғалары мен шетелдік компаниялардың өкілдері келіп, шетелдік делегациялармен келіссөздер жүргізу барысында Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық тартылымдығы мен Қазақстандағы инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының тұсаукесер рәсімі өткізілді.

Хабарламаларға жазылу