Айгүл Сейілханқызы: Бастауыш сыныптың ұстаздарына қойылатын талап жоғары (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айгүл Сейілханқызы: Бастауыш сыныптың ұстаздарына қойылатын талап жоғары (ВИДЕО)

04.02.2016
 Айгүл Сейілханқызы: Бастауыш сыныптың ұстаздарына қойылатын талап жоғары (ВИДЕО)

Үштұғырлы мемлекет құру  - өмірлік қажеттіліктерден туындаған игілікті идея. Бүгінде ел мектептеріндегі іргелі ғылымға бастайтын пәндер ағылшын тілінде оқытылуда. Бұл әдіс - қандай бәсекеде болсын алға жетелейтін ұтымды нұсқа.

Елордадағы №66 мектеп оқушылары ағылшын тілін жетік меңгерген. Мектеп-лицей физика-математика, химия, биология бағытында тереңдетіп оқытады. Соған қарамастан, гуманитарлық пәндерді оқытуға да ерекше мән береді.

Замануи жабдықтармен жасақталған білім ордасында бүгінде екі ауысыммен 2,5 мыңға жуық бала оқиды. Бастауыш сынып оқушыларын кәсіби біліктілігі жоғары 40 мұғалім оқытып-тәрбиелеуде.

«Білімнің негізі бастауыш сыныпта қалыптасады. Сондықтан, 1-4 сынып оқытушыларына қойылатын талап жоғары», дейді №66  мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Сейілханқызы.

Мектеп білім беруде оқыту технологиясының жаңа түрлерін қолданады. Сатылы кешенді оқытудың авторы да - осы білім мекемесінің ұстазы.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу