Шәкір Ыбыраев: Түркітану - түркі халықтарының ғана еншілеп алған ғылымы емес (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шәкір Ыбыраев: Түркітану - түркі халықтарының ғана еншілеп алған ғылымы емес (ВИДЕО)

04.02.2016
Шәкір Ыбыраев: Түркітану - түркі халықтарының ғана еншілеп алған ғылымы емес (ВИДЕО)

«Түркітану - түркі халықтарының ғана еншілеп алған ғылымы емес. Онымен Еуропа ғалымдары да айналысуда. Әр елде өздерінің қал-қадірінше зерттеп жатқандар жетерлік. Түркітануды осыған дейін тіл білімі сияқты қарастырып келсек, қазір ол кешенді ғылым жүйесіне айналды», дейді ғалым.

«Ұзақ жылдар бойы Қорқыт бабамыз туралы зерттеп келемін. Қорқыт атаға байланысты, оның кітабы туралы бізге жеткен жазбаша бір ескерткіш бар. Мұны әлем ғалымдары жан-жақты қарастыруда. Осыларды жинақтап, қазіргі ғылымның жеткен деңгейі тұрғысынан пайымдап, оқырманға ұсынатын кез келді. Жаз айына қарай баспадан «Қорқыт және ежелгі түркілердің діни наным-сенімі» тақырыбында жарық көрмек».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.

Хабарламаларға жазылу