Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» Ұлттық байқауын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» Ұлттық байқауын жариялады

03.02.2016
Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» Ұлттық байқауын жариялады

Конкурс еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы құндылықтарының контексінде біртұтас мәдени кеңістік қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

«Тарихшылармен және ғалымдармен, жазушылармен және философтармен қатар суретшілер де тарихтың, рухани мәдениеттің, ұлт пен ел өмірінің шежірешілері іспеттес.

Шебердің тарих тереңіне шын ықыласымен терең көз тастауы, сол кезден-ақ ғылыми қоғамның игілігі болған, қалың көпшілікке аса мәлім емес тарихи әңгімелердің (сюжеттердің), тақырыптар мен тұлғалардың мәнін ашып, көркемдеп бейнелеу оларды халықтың ұғымына түсінікті, белгілі және ұғынуына жеңіл етуге септігін тигізеді», делінген баспасөз мәліметтерінде.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу