Иппотерапия - жүйке жүйесі ауруларын емдеудің тиімді тәсілі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иппотерапия - жүйке жүйесі ауруларын емдеудің тиімді тәсілі (ВИДЕО)

03.02.2016
Иппотерапия - жүйке жүйесі ауруларын емдеудің тиімді тәсілі (ВИДЕО)

Атпен жүру - денені шынықтырудың ең тиімді емдік тәсілі. Ғылымда ол иппотерапия деп аталады. Иппотерапия арқылы адамның жүрек қан айналымын жақсартып, жүйке жүйесі ауруларын емдеуге болады.

Сондай-ақ, ат үстінде жүру адамға эмоциялық жағынан да жағымды әсер етеді.

Елімізде салт атқа мінгізіп, ем жүргізу тоқсаныншы жылдардың басында пайда болды.

«Біз көбінесе ерттеп мінеміз. Ал, жайдақ жүргенде адам денесіндегі бұлшықеттер қозғалысқа келіп, сол арқылы қан айналымы жақсарады. Бұл жүрек қызметіне де көмегін тигізеді», дейді А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталықтың кардиохирург дәрігері Бауыржан Рақышев.

Еліміздің кардиохирургия саласындағы жеткен жетістіктері туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

 

Хабарламаларға жазылу