Педагогика ғылымы мен балалар поэзиясының аса көрнекті қайраткері, «XX ғасырдың Ыбырайы» атанған Әдібай Табылдиев - 90 жаста.
Ұзақ жыл ұстаздық етіп, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ақсақалдың әлі де айтары көп.
Әдебиеттің барлық жанрында қалам тербеп, ұлттық педагогиканың негізін қалаған ғалымның еңбектері мектептерде жеке пән ретінде оқытылады. Ал, «Қазақ этнопедагогикасын оқытудың әдістемесі» атты еңбегі жоғары оқу орындарының бағдарламасына енген.
Бүгінге дейін 50-ден астам кітап жазған қаламгер «Еңбектерімнің көзге көрініп, іске асқаны үшін қуанамын», дейді. Балалар шығармасынан бөлек, прозалық, сатиралық туындылары да оқырманын тапқан.
«Алыптардың алыбы», «Бәрекелді, кірпі», «Ғажайып бақ» сияқты ертегі пьесалары республикалық қуыршақ театрында қойылған. Қазір жазушының 13 томдық шығармалар жинағы баспаға дайын тұр.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.