Маңғыстау облысында өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,6 трлн теңгені құрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,6 трлн теңгені құрады

02.02.2016
Маңғыстау облысында өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,6 трлн теңгені құрады

Оның айтуынша, бүгінгі таңда елімізде және әлемде қалыптасқан жағдай кәсіпорындарға инвестициялық бағдарламаларды кейінге қалдырып, өндіріс тиімділігі мен еңбек өнімділігін артыру мәселесіне көңіл бөлуге мәжбүрлеп отыр. 

«Дегенмен, бүгінде кәсіпорындар әдеттегі штатты режимде жұмыс істеп жатыр және негізгі капиталға деген инвестициялар көлемі 454 млрд теңгені құрайды. Бұл әрине аз қаржы емес»,-деді облыс басшысы.

Сондай-ақ ол келтірген мәліметтер бойынша, Маңғыстау облысы мұнай мен газ өндіруден жоспарды орындап, 18,5 млн тонна өнім өндірді. «Ал 2015 жылы енгізілген «Шағырлы-Шомышты» кеніші бізге табиғи газ өндіру көлемін 1 млрд текше метрге ұлғайтуға мүмкіндік берді. Осылайша, газ өндіру көлемі 2,5 млрд текше метрге жетті»,-деді А.Айдарбаев.

Хабарламаларға жазылу