Ер-азаматтар костюм таңдағанда есте ұстауға тиісті қағидалар (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ер-азаматтар костюм таңдағанда есте ұстауға тиісті қағидалар (ВИДЕО)

02.02.2016
Ер-азаматтар костюм таңдағанда есте ұстауға тиісті қағидалар (ВИДЕО)

Ерлердің гардеробында қай салада қызмет атқаратындығына қарамастан, кем дегенде бір костюм және талғаммен таңдалған галстук пен көйлектің болғаны жөн.

Ал, классикалық бағытта киінгенді жөн көретін азаматтар негізгі үш түсті таңдағаны дұрыс. Күнделікті, ресми кездесу және мерекелік шараларға қара, сұр, көк реңдер  - оңтайлы нұсқалар қатарында.

Күнде бірқалыпты киінуді қаламасаңыз, бірнеше костюм алу керек деген - қате ұғым. Үйлесімділігі дәл келетін 4-5 галстук пен көйлегіңіз болса жеткілікті. Себебі, негізгі рөлді дәл осы аксессуарлар атқарады. Тек сатып алуда қарапайым қағидаларды есте ұстасаңыз жеткілікті.

Маман кеңесін «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.

Хабарламаларға жазылу