Халықаралық Anonymous тобының хакерлері өткен жылдың қыркүйек айынан бастап, Жапонияның 73 сайтына 145 рет шабуылдады. Бұл туралы елдің Бас полиция басқармасы хабарлады.
Полиция өкілдері шабуылдардың басым көпшілігі DdoS жүйесі арқылы жасалғандығын мәлім етті. Дүйсені күні Жапонияның Қаржы министрлігі мен Ұлттық Парламенттерінің сайттары шабуылға ұшырады. Оған дейін бірнеше сағатқа Жапонияның Бас полиция басқармасы бірнеше сағат бойы істен шығып тұрды. Сонымен қатар, Токионың Нарита әуежайының интернет-сайтына шабуыл жасалған. Өткен жылы киберқылмыскерлер өздерінің Жапонияға қарсы әрекеттерін белсендендірген.
Осылайша, көптеген кибершауылдардың нәтижесінде кемінде 2,07 млн адамның жеке мәліметтері ұрланды. Anonymous тобының хакерлері өздерінің әрекеттерінің себеп-салдарын түсіндірмей отыр. Алайда, кейбір байқаушылар бұл әрекеттердің осы кезде көптеген жануарларды қорғау ұйымдары мен мемлекет өкілдерінің қарсылық танытып отырған киттерді аулау кәсібін жаңғырту ісімен байланысы болуы мүмкіндігін айтуда.