Қазақстандықтардың көпшілігі 2016 жылды «Қазақстан» телеарнасымен бірге қарсы алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтардың көпшілігі 2016 жылды «Қазақстан» телеарнасымен бірге қарсы алды

01.02.2016
Қазақстандықтардың көпшілігі 2016 жылды «Қазақстан» телеарнасымен бірге қарсы алды

2015 жылғы 31 желтоқсанда «Қазақстан» телеарнасының жаңа жылдық бағдарламаларын 6+ және одан жоғары аудитория бойынша Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде тұратын 5 013 мың қазақстандық қарады. Бұл ретте телеарнаның орта тәуліктік көрсеткіші көрермендердің 13,1 пайызын құрады.

6+және одан жоғары қазақ тілінде сөйлейтін қазақстандықтар арасында 2015 жылғы 31 желтоқсанда «Қазақстан» телеарнасы ең үлкен көрсеткішті, яғни 4,28 пайызды жинады. «Қазақстан» телеарнасының орта тәуліктік үлесі аталмыш аудиторияда 18,2 пайыз.

Телеарналардың 31 желтоқсан күнгі аудиториясының және рейтинг үлесі

Дереккөзі:TVIndex 2015, Қазақстан (барлық елдімекендер), үйде қазақ тілінде сөйлейтін аудитория, жасы: 6+, 31 желтоқсан , 05:00-29:00.

«Қазақстан» телеарнасы отандық телебағдарламаларды көрсету көлемі бойынша үздік теларна саналады. 2015 жылы эфирлік уақыттың 81 пайызын қазақстандық бағдарламалар құрады. Жаңа жылдық кеште телеарна көрермендерін өз өнімінің бағдарламаларымен қуантты. Осылайша, 2015 жылғы 31 желтоқсанда хабар таратудың жалпы уақытының 88 пайызын қазақстандық телеөнім құрады.

Республикалық телеарналарда көрсетілген жаңа жылдық бағдарламалардың арасында «Қазақстан» телеарнасының өз өнімінен шыққан «Төрлет, Жаңа жыл!» телебағдарламасы аудиторияны қамту көрсеткіштері бойынша 1 орынға шықты. 6+ және одан жоғары аудиторияның ішінде бұл бағдарламаны 3 847 мың телекөрермен тамашалады. Аталмыш бағдарламаның қазақ тілінде сөйлейтін 6+ аудиториясындағы орташа көрсеткіші 19,7 пайызды құрады. Телеарнаның бұл көрсеткіштері «Қазақстан» телеарнасының қазақ тілді аудиториясының арасында да, жалпы телевизияның барлық аудиториясы бойынша танымалдылығының жоғары екенін дәлелдейді.

Бұдан басқа, жаңа жылдық демалыс күндері «Әзіл әлемі», «Түнгі студияда. Нұрлан Қоянбаев», «Жұлдызды жаңа жыл – жыл әні» және т.б. бағдарламалар көрермендерің сұранысына ие болды.

Хабарламаларға жазылу