Қазақстандық стенд атушы, Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі Максим Коломоец Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен Азиялық лицензиялық турнирде 4-ші орын иеленді.
Осылайша жарыс бағдарламасына сәйкес Максим Рио-де-Жанейрода өтетін XXXI жазғы Олимпиада ойындарына лицензияға қол жеткізді. Айта кетейік, дүбірлі бәсекеге 17 мемлекеттен 72 спортшы қатысты.
Максим стенд атудан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, студенттер арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері, республика бойынша 2013 жылдың «Үздік мергені».