1. 1959 жылы ғарышқа Авель және Бейкер маймылдары ұшқан. Олар ғарыштағы саяхатты жақсы өткерген, алайда зерттеуге арналған тетіктерді шешу кезінде бірі өлген.
2. Маймылдардан басқа ғарышта тасбақа, мысық, және ит ұшырылған.
3. Ең алғаш ғарыштық зерттеулер 1949 жылы иттерге жүргізілген.
Иттердің ғарышқа ұшуы үшін бойы 32 см, салмағы 6кг болу керек болған. Оларды ғарышқа ұшырмас бұрын алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілген. Иттердің алғашқы ғарышты сапары сәтті болған.
4. Ең алғаш 1957 жылдың 3 қарашасында жер аумағындағы орбиталық ұшуға Лайка есімді ит ұшқан. Ол кезде космостық құрылғылардың жерге қайтып келуі екіталай болғандықтан ит ғарышта тек 1 апта тіршілік етеді деген болжам жасалған. Алайда, ғарыш кемесінде салмақсыздық байқалып ит ыстықтан өлген.
5. 1960 жылы ғарышқа Белка, Стрелка иттері мен тышқан, егеуқұйрық, шыбын ұшырылған. Ғарыш кемесі жерге сәтті оралған. Осы ұшырылымнан кейін ғарышқа адам барады деген тұжырым жасалған.