Футзалдан Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатына қатысатын ойыншылар тізімі белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футзалдан Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатына қатысатын ойыншылар тізімі белгілі болды

30.01.2016
Футзалдан Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатына қатысатын ойыншылар тізімі белгілі болды

Футзалдан Қазақстан құрамасы ақпан айында Сербияда өтетін Еуропа чемпионатының финалдық бөлігіне дайындықты аяқтады.

Дайындық кезеңінде Қазақстан құрамасы Алматыда Өзбекстан құрамасымен екі жолдастық матч өткізіп, екі рет 3:1 есебімен жеңді.

Сонымен қатар, Еуропа чемпионатына баратын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды. Олар:

Қақпашылар: 1. Григорий Шамро («Інжу»), 2. Леонардо Де Мело Вийера Лейте «Игита» («Қайрат»);

Алаңдағы ойыншылар: 3. Арнольд Кнауб («Астана-Тұлпар»), 4. Александр Гребонос («Астана-Тұлпар»), 5. Серік Жаманқұлов («Қайрат»), 6. Леонардо Мендонка Да Роса («Қайрат»), 7. Николай Пенгрин («Қайрат»), 8. Дінмұхамбет Сүлейменов («Қайрат»), 9. Александр Довгань («Астана-Тұлпар»), 10. Шыңғыс Есенаманов («Қайрат»), 11. Михаил Першин («Қайрат»), 15. Павел Таку («Астана-Тұлпар»), 18. Дәурен Нұрғожин («Қайрат»), 19. Дуглас Жуниор Да Силва Негрейрос «Дуглас» («Қайрат»).

Бас бапкер – Рикардо Камара Собрал.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасымен өтетін және финалдық ойындарды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ал, матчтардың қайталауын «Kazsport» телеарнасынан тамашалауға болады.

 

 

Еуропа Чемпионатының қатысушылары:

А тобы – Сербия, Португалия, Словения

В тобы – Испания, Украина, Венгрия

С тобы – Ресей, Хорватия, Қазақстан

D тобы – Италия, Чехия, Азербайджан

 

Еуропа Чемпионатының күнтізбесі:

 

Топтық кезең

 

2 ақпан 2016 жыл

Сербия – Словения

Испания – Венгрия

 

3 ақпан 2016 жыл

Ресей – ҚАЗАҚСТАН

Италия – Әзірбайжан

 

4 ақпан 2016 жыл

Словения – Португалия

Венгрия – Украина

 

5 ақпан 2016 жыл

ҚАЗАҚСТАН – Хорватия

Әзірбайжан – Чехия

 

6 ақпан 2016 жыл

Украина – Испания

Португалия – Сербия

 

7 ақпан 2016 жыл

Хорватия – Ресей

Чехия – Италия

 

¼ финал

 

8 ақпан 2016 жыл

1. А тобының жеңімпазы – В тобының екінші командасы

2. A тобының екінші командасы – В тобының жеңімпазы

 

9 ақпан 2016 жыл

3. С тобының жеңімпазы –D тобының екінші команадсы

4. C тобының екінші командасы – D тобының жеңімпазы

 

½ финал

11 ақпан 2016 жыл

1 матчтың жеңімпазы – 3 матчтың жеңімпазы

2 матчтың жеңімпазы  – 4матчтың жеңімпазы

 

13 ақпан 2016 жыл

3-орын үшін өтетін матч

 

Финал.

 

 

Хабарламаларға жазылу