«Бірге таңдаймыз!». Ескі етіктен жаңа клатч тігудің тәсілдері (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бірге таңдаймыз!». Ескі етіктен жаңа клатч тігудің тәсілдері (ВИДЕО)

30.01.2016
«Бірге таңдаймыз!». Ескі етіктен жаңа клатч тігудің тәсілдері (ВИДЕО)

Етігіңіз киюге жарамсыз болып қалса немесе сәннен шығып кетсе, оны лақтыруға асықпаңыз. Бұдан кейін де оны кәдеге жаратуға болады.

«Бірге таңдаймыз!» бағдарламасы ескі етіктен жаңа клатч тігудің тәсілдерін ұсынады.

Көп жағдайда етіктің табаны тозып, өкшесі желініп, қоңышы жаңа күйінде сақталады. Кішкентай қолсөмкені тігу үшін де дәл осы қоңышы қолданылады.

Алдымен былғарыны тазалап, жаңа өң беру қажет. Ол үшін мақтаға лимон шырынын сығып сүртеміз. Егер былғары қатты болса, жұмсарту үшін глицеринді қолдануға болады.

Қажетті құралдар: былғарыға арналған желім, нейлон жібі, біз инелер.

Ал, уги етіктер ескірсе, дәл осындай қажеттіліктерге жарата аламыз ба? Толығырақ «Бірге таңдаймыз!» бағдарламасынан біліңіз.  

Хабарламаларға жазылу