Қазақи нақыштағы ұлттық өнім шығару оның арманы еді.
«Бүгінгі заманғы интерьерге, жиһазға сай қазақы дүние шығарғымыз келді»,-деп еске алады қазір Толғанай Елікбаева.
«Кез келген адам еңбегін жүрекпен жасап, сапалы дүние ұсынуы керек»,-деп білетін ол бүгінде «Бота» компаниясын басқарып отыр.
«Табыс сыры» хабарында компания басшысы тәжірибесімен бөліспек.