«Ас болсында» - қазақ асханасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ас болсында» - қазақ асханасы

30.01.2016
«Ас болсында» - қазақ асханасы

Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген ел. Сондықтан, қазақтар адам қажеттіліктерінің ішінде тағамды жоғары қойған. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар» деген секілді ескертпе сөздер, мақал-мәтелдер осының дәлелі.

Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыруды, жақсылар мен жайсаңдарды құрметтеуді, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын, ел дәулетін қазақ кең дастарқаны арқылы яғни, ас, қонақасы арқылы көрсеткен.

Ұлттық арнадағы «Ас болсын!» хабары осыған дейін Қазақстандағы түрлі этнос өкілдерінің ұлттық тағамдарының дайындау жолынан мағлұмат берді. Ендігі кезек – қазақтың ұлттық тағамында. Бүгін 12:30-да Ұлттық арнадан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу