«Химфарм» АҚ-ның жаңа цехы жылына 1 млрд дана дәрі-дәрмек шығарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Химфарм» АҚ-ның жаңа цехы жылына 1 млрд дана дәрі-дәрмек шығарады

29.01.2016
«Химфарм» АҚ-ның жаңа цехы жылына 1 млрд дана дәрі-дәрмек шығарады

Төрт кезең бойынша жүзеге асыру жоспарланған жобаның бүгінгі таңда құны 5,8 млрд. теңге болатын бірінші кезеңі іске қосылған. Польшалық инвесторлардың қаржылай қолдауының нәтижесінде инъекциялық және инфузиялық ерітінділерді өндіретін цех салынды. Жаңа өндіріс орны 350 млн. дана ампула мен инъекциялық ерітінді, 4 млн. пакет инфузиялық ерітінді, 40 млн. антибиотикті шөлмек және 1 млрд. дана таблетка өндіруге қауқарлы, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жобаны жүзеге асыру арқылы 500 жаңа жұмыс орны ашылып, кәсіпорын өткен жылы құны 3479,0 млн. теңге болатын дәрі-дәрмек өндірген. Мемлекеттік сатып алудағы 45 пайыз үлесімен компания отандық нарықта жетекші орынға ие және Santo Member of Polpharma Group компаниясының топтамасының мүшесі болуына байланысты технологияларды жетілдіріп, әлемдік стандарт деңгейіне жету мүкіндіктері бар.

Осылайша, кәсіпорын Қазақстандағы фармацевтикалық компаниялардың ішінде бірінші болып залалсыздандыру өндірісінің тәжірибесіне қатысты (GMP) сертификат алды. Жобаны жүзеге асыру үшін Польша Республикасының инвесторлары тартылды. Қазіргі таңда зауыт 200-ден астам дженерик және 12 фармакалогиялық топтамадағы капсула пішінді таблеткалар, ампуладағы инъекциялық ерітінділер, шәрбәт, тұмба, май, сүртпе май, гелдер, линимент, суппозиторий, су және спирт ерітінділері сияқты ерекше дәрі-дәрмектерді өндіреді. Барлық өндірістік процесстер автоматтық тестілеуден және микробиологиялық тазартудан өтеді. Түпкілікті өнімнің сапасы замануи сараптамалық  құрылғылармен жабдықталған компанияның зертханасында бақыланады.

Хабарламаларға жазылу