«Таңшолпанда» - Ербол Алшынбай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - Ербол Алшынбай

29.01.2016
«Таңшолпанда» - Ербол Алшынбай

Бүгін «Таңшолпанда» қонақта болған ақын Ербол Алшынбай қоғамда болып жатқан өзін мазалайтын мәселелер жөнінде ой өрбітті.

«Біздің қоғамда шүкіршілік ететін нәрсе де, күйінетін жайттар да жетерлік. Қалай дегенмен де, өз тізгіні өзінде Тәуелсіз ел болғаннан кейін қуанатын нәрселер көп. Бір ғана әдебиет саласына тоқталар болсақ, Тәуелсіздік алғаннан бері  талай талантты ақын-жазушы келді. Олардың тақырып ауқымы кеңейді. Бүгінде қуатты, ешкімге жалтақтамайтын жаңа әдебиет қалыптасып келе жатыр. Бұл – асқан сүйінішпен айтатын қоғамдағы игі жақсылықтардың бірі».

Шығармашылығыңызда нендей жаңалық бар?

«Жалпы мен үшін қаңтар мен мамыр арасы толғанысқа толы уақыт. Жыл бойғы толғатып жүрген нәрселер осы уақытта жазылып жатады. Биылғы үлкен жаңалығым – «Көлеңкесіз адам» деген поэма жазылды. Ол «Жұлдыз»  журналына жарияланды.  Содан кейін «Өмірге келмеген ақын туралы баллада» деген туынды «Қазақ әдебиетіне» жарияланды».

Ақынның өзге де жаңалықтары мен студияда оқыған өлеңін «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу