Құрылысы аяқталмаған үйді сатып аларда нені ескеру керек? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрылысы аяқталмаған үйді сатып аларда нені ескеру керек? (ВИДЕО)

29.01.2016
Құрылысы аяқталмаған үйді сатып аларда нені ескеру керек? (ВИДЕО)

Бүгінде құрылысы аяқталмаған тұрғын үйді сатып алушылардың саны артып келеді. Оған себеп – мұндай пәтер құнының әлдеқайда арзан болуы. Дегенмен, құрылысы толық аяқталмаған үйді сатып аларда нені ескеру керек?

Заңгер кеңесі

«Құрылысы аяқталмаған үйді сатып алудың өзі үлкен қауіп. Мұндай үйді сатып алмас бұрын мердігер мен  құрылыс салушы компания жұмысымен алдын ала танысып алу керек. Екіжақты келісімшартқа қол қоймас бұрын құжатты заңгерге тексертіп, оның жалған еместігін анықтап алыңыз. Алдымен, құрылыс салушы мен мердігерге қойылатын белгілі талаптармен танысып барып, ақша төлеңіз».

Тұрғын үй сатып аларда түрлі жағдайларға тап болатындар  саны азаймай тұр. Бір пәтердің өзін бірнеше адамға сатқан жағдайлар да кездеседі, дейді заңгер Талғат Мылтықбаев. Ең бастысы, өзіңнің құқығыңды білу әрі нарық заңын сауатты меңгеру.

Заңгер кеңесі

«Естеріңізде болсын, егер құрылысы аяқталмаған үйді сатып аламын десеңіз, келісімшартпен мұқият танысыңыз. Шартта мердігердің нысанды тапсыру мерзімі, оның құны міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар, келісімшартқа енгізілетін өзгерістердің барлығын екіжақты келісім бойынша ғана жүзеге асыруға болатындығы анық жазылуы маңызды.

Егер құрылыс анықталған мерзімде тапсырылмаса, сотқа шағымдансаңыз болады. Мұндай жағдайда  Сіздің келісімшартты бұзуға толықтай құқыңыз бар. Ал, құрылыс салушы компания ақшаңызды қайтарып, үстемақы төлеуге заң бойынша міндетті».

Айтылған кеңестерді назарда ұстаңыз!

Хабарламаларға жазылу