Маңғыстау облысында өңірді дамытуға бағытталған арнайы кеңес құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында өңірді дамытуға бағытталған арнайы кеңес құрылды

28.01.2016
Маңғыстау облысында өңірді дамытуға бағытталған арнайы кеңес құрылды

Аталмыш кеңес – мемлекеттік және жеке сектор өкілдерінен құрылған консультативті-үйлестіруші орган болып есептеледі. Оның мүшелері өңірдің экономикасында болып жатқан өзгерістерге жүйелі талдау жасау арқылы болуы ықтимал проблемалар туралы ескертуге, өңірді дамыту стратегиясындағы басым бағыттарды айқындауға, әлеуметтік-экономикалық секторда қалыптасуы мүмкін проблемаларды шешуге бағытталған.  

Қазіргі таңда кеңес мүшелері дағдарасықа қарсы бағдарламалар негізінде өңірді дамытудың басым бағыттарын анықтау жоспарын дайындау ісіне кірісіп кетті. Маңғыстау экономикалық кеңесінің үйлестірушісі Мемлекеттік және жеке меншік секторлар орталығы.

«Бүгінгі экономикада қалыптасқан жағдай ескі жұмыс тәсілімен әрекет етуге мүмкіндік бермей отыр. Қазір бізге болашақты бағамдай отырып, алдыға нақты мақсаттар қойып, жаңа белссенді жобаларды іске қосу керек. Біз тап осы Маңғыстау экономикалық кеңесі арқылы өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін боламыз. Аталмыш органның жұмысы барлық азамтар үшін ашық. Біз өңірді жаңа сапалы деңгейге шығаратын, дағдарыстың алдын алуға бағытталған әрекеттер бойынша пікір алмасуға дайынбыз»,-деді Алик Айдарбаев.    

Бұл ретте кеңестің әрбір мүшесіне өңірді дамытудың жалпы жоспарының негізгі мақсаттарын айқын түсініп алу керек. «Осындай жүйелі жұмыстың нәтижесінде біз дағдарысты еңсеріп, жаңа әлеуемттік және экономикалық деңгейге шағамыз деген үміттеміз»,-делінген Маңғыстау облыстық «Ақпарат Орталығы» таратқан мәліметтерде.   

Хабарламаларға жазылу