И.Меркель: Ақпан айында Қытайда сотталған жеті қазақстандық азамат елімізге қайтарылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

И.Меркель: Ақпан айында Қытайда сотталған жеті қазақстандық азамат елімізге қайтарылмақ

28.01.2016
И.Меркель: Ақпан айында Қытайда сотталған жеті қазақстандық азамат елімізге қайтарылмақ

Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель мәлім етті. «Менің білуімше, Қытайда 24 адам (қазақстандық  ред.)  сотталған.

Дегенмен, біз қазірге дейін жазасын өзімізде өтеу үшін 5 адамды қайтардық, қазіргі күні  7 азаматты қайтару жұмыстары жүргізілуде», - деді Бас прокурордың орынбасары журналистер сұрағына жауап бере келіп. Оның айтуынша, ақпан айында берілетін 7 қазақстандық азаматтың ішінде 6-ы есірткі қылмысы бойынша жазаға кесілгендер.

Хабарламаларға жазылу