Геннадий Головкин: Астанада шоу жекпе-жек өткізгім келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин: Астанада шоу жекпе-жек өткізгім келеді

28.01.2016
Геннадий Головкин: Астанада шоу жекпе-жек өткізгім келеді

Кәсіпқой бокстан WBA, IBO, WBC IBF  нұсқалары бойынша әлем чемпионы, Геннадий Головкин Астанада нағыз жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты.

Геннадий Головкин баспасөз мәслихатының ресми бөлімінде туған жеріне келіп, қуанып жатқанын, Цеснабанк-пен арадағы ынтымақтастықты қуана қолдайтынын, банкпен ынтымақтастық орнатып, әртүрлі жобаларға ықыласпен қатысатынын айтып берді.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда кәсіпқой бокс академиясын ашуға да болатынын атап өтті.

«Алдағы уақытта Астанада көңілімнен шығатын бокс өткізгім келеді. Тіпті, жекпе-жек емес, нағыз кәсіпқой бокстың шоуын өткізуге болады. Яғни, нағыз кәсіпқой бокстың не екенін көрсетер жекпе-жек», - деді Геннадий Головкин.

2016 жылы «Цеснабанк» АҚ мен Геннадий Головкин ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастады.

Айта кетейік, Геннадий Головкин ертең алматылық журналистермен баспасөз мәслихатын өткізеді.

 

inform.kz

Хабарламаларға жазылу