Ермек Иманбековтың шәкірттері алғашқы сайысты Париж төрінде төселетін татамиден бастаса, мамыр айында Мексикада өтетін «Мастерс» турнирімен аяқтайды.
Ал, мамырдың 13-і мен 15-ы аралығында Алматыда «Grand Prix» бәсекесіне әлемнің мықты дзюдошылары бас қоспақ. Биыл Олимпиада жылы болғандықтан, ел құрамасының мақсаты - барынша көп лицензия жеңіп алу.