Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жастар форумына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жастар форумына қатысты

27.01.2016
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жастар форумына қатысты

Бүгін Мемлекеттік хатшы осы аймақтағы бірқатар медициналық мекемелер мен өндіріс орындарын аралап көрді. Сонымен қатар, Г.Әбдіқалықова жұмыс сапарының соңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің жетістігім – Тәуелсіздігімнің жетістігі» атты өңіраралық Жастар форумына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Форумға Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан, сондай-ақ Ресей Федерациясының Орынбор облысынан делегациялар келді. Мемлекеттік хатшы кіріспе сөзінде Елбасы Н.Назарбаевтың жастарды тәрбиелеуге баса көңіл бөлетінін атап өтті.

«Елімізде өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасалып, олармен дербес жұмыс жүргізуді қамтамасыз ететін тиімді үлгі қалыптасты. Инновация, білім, технология және тәжірибеге бағытталған «Болашақ», «Жасыл ел», «Дипломмен – ауылға», «Жастар практикасы», «Серпін» жастар бағдарламалары мен жобалары сәтті жүзеге асырылуда»,-деді Мемлекеттік хатшы.

Форумға қатысушылар жастардың тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстары мен жетістіктерін талқылады. Мемлекеттік хатшы жұмыс сапарының қорытындысы  бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.

Хабарламаларға жазылу