Астанада елорданың құрылыс саласының жұмысы қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада елорданың құрылыс саласының жұмысы қорытындыланды

27.01.2016
Астанада елорданың құрылыс саласының жұмысы қорытындыланды

«Жыл басынан бері 1759 мың м2 баспана пайдалануға берілді. Бұл елорда тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Пайдалануға берілген баспана көлемі 2014 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 146 пайызға артық», - деп мәлімдеді Астана әкімінің бірінші орынбасары.

Ол келтірген деректер бойынша, өткен жылы жалпы ауданы 2371 мың м2 құрайтын 1135 әртүрлі нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 107 әлеуметтік нысан, соның ішінде әрқайсысы 1200 орындық жалпы білім беретін 4 мектеп, 1720 орындық 8 балабақша тапсырылды. Бұған қоса, 250 орындық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, медициналық-әлеуметтік сауықтыру орталығы, сол жағалауда 500 келушіге арналған амбулаториялық-емханалық кешен, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының клиникалық-оңалту кешені сияқты денсаулық сақтау нысандары пайдалануға берілді.

«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 343 мың м2, соның ішінде ескі және апатты жағдайдағы үйлерді бұзу ілкі жобасы аясында 151 мың м2 баспана пайдалануға берілген. Бұл ретте ілкі жоба басталғалы бері апатты жағдайдағы үйлерде тұрған отбасыларға 1762 пәтер тегін берілгенін атап өту керек, - деді әкімнің орынбасары.

Бекітілген кестеге сәйкес, жобаның 1-кезеңін толық жүзеге асыру 2017 жылдың екінші жартысында аяқталады, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Хабарламаларға жазылу