Теріден жасалған бұйымдар (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теріден жасалған бұйымдар (ВИДЕО)

27.01.2016
Теріден жасалған бұйымдар (ВИДЕО)

Шебер Әбілқайыр Оразбақов бүгінде теріні кәдеге жаратып, оны өзіндік қолтаңбасы арқылы өнер туындысына айналдырумен шұғылданады. Бұл өнердің орындалу техникасы да өзгеше. Алдымен, формасын келтіріп алады, кейін кептірілген теріге өрнектер салып, дайын өнім жасайды.

«Белгілі бір қалыпқа келтіріп, қолмен тігіп болғаннан соң, ішіне құм саламыз. Бұл формасын шығаруға септігін тигізеді»,-дейді шебер.

Бүгінде өнімдерге сұраныс көп. Бірқатар көрмелерге де қойылған. Ұлттық нақышта жасалған кез келген туынды стиль  жағынан монументалистік бағытқа жатады. Әр мүсіннің философиялық мән-мағынасы бар. Көне дәуірден сыр шертеді. Шебердің айтуынша, бұйымдардың басты құндылығы да – осы.

Әбілқайыр Оразбақов: «Бұл – ұлттық салт-дәстүрді дамытатын бағыт. Негізгі мақсат – жастарға ұлттық қолөнерді үйретіп, тарихи дүниелер жасап, халыққа насихаттау».

Түрлі оюлар арқылы бұйымдар түрленіп, өзгеше кейіпке енеді. Бір қарағанда, өнер туындысы саналғанымен, екінші жағынан ұлттық hand-made-ке жақын. Алдағы уақытта шебер тың дүниелерімен дүйім жұртты таңқалдырмақ.

Толығырақ – «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу