«Point to point» өнерінің нақты шығу тарихы белгісіз. Зерттеушілер Австрияның байырғы тұрғындары ойлап тапқан деген болжам жасайды. Алайда, дәл осы өрнектерді Үнді және Индонезия елдерінің мәдениетінен де байқауға болады.
Елордалық дизайнер Гүлназ Байтілеуова да осы өнерді меңгеріп жүрген жанның бірі. «Point to point» - нүктелі сурет салу әдісі. Ол арнайы бояулар арқылы өрнектеледі. Аз уақытта үйреніп алуға болады. Бастысы – шыдамдылық керек»,-дейді ол.
Алғашқыда «point to point» қиын болып көрінгенімен, мұнда тума таланттан гөрі, қиялдың алар орны ерекше. Алдымен, бір суретті қайталап салып, қолды жаттықтырып алса, уақыт өте келе әркім өз ойынан қосымша штрихтарды енгізуіне мүмкіндік бар.
Гүлназ Байтілеуова, дизайнер:
«Мұны кез келген нәрсеге салуға болады. Тек сурет салғыңыз келген заттың үсті тегіс болғаны жөн. Бояу бір тәулікте кебеді. Ал, киімге салғыңыз келсе, өрнектің үстінен арнайы лакпен жүргізу қажет».
Нүктелі сурет салу әдісін үйренгіңіз келсе, «Таңшолпанды» көріңіз.