Шертер аспабы (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шертер аспабы (ВИДЕО)

27.01.2016
Шертер аспабы (ВИДЕО)

Ұмыт бола бастаған көне музыкалық аспаптарды қайта жаңғырту – халықтың рухани мұрасын қазіргі заманға сай байыта түсумен пара-пар. Бүгінде ертедегі ұлттық аспаптарды тарихи деректер негізінде қалыпқа келтіру қолға алынып жатыр.

Шертер – ішекті көне музыкалық аспап. Деректерге сүйенсек, бұл домбыра мен қобыздың арғы тегі саналады. Шертердің көне түрі өте қарапайым. Бір ішекті, бір құлақты, қақпақсыз, пернесіз, мойын тиексіз, орта тиексіз болған.

Аспаптың дыбыстық сипатын, ерекшелігін, ойнау әдісін қалпына келтіру үшін этнограф-ғалым  Болат Сарыбаев пен бір топ шебер 10 жылдай уақытты сарп еткен. Олар ғылыми негізге сүйене отырып, шертердің жетілдірілген екі түрін жасап шықты. Жұмыр шанақты және жалпақ шанақты.

Аспапты одан кейін шебер Нұрлан Әбдірахманов та жетілдірді. Шертер әр уақытта өзгертіліп тұрғандықтан, орындаушылармен қатар, аспап жасаушы, шеберлер үшін де әлі толық ашылмаған құпия.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу