Павлодар облысында «Қамқорлық» республикалық акциясы аясында 1728 балаға 16 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Оның ішінде, демеушілер 741 оқушыға 7 млн теңгеден аса қайырымдылық көмек жасады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық білім беру басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қараусыз және панасыз қалған балаларды анықтау бойынша 1542 рейд ұйымдастырылып, 375 аз қамтамасыз етілген отбасының пәтерлері тексерілген.
«Мұндай шаралардың мақсаты – киім-кешек пен мектеп құралдарының жоқтығы сияқты әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке бармауына тосқауыл қою».
«Аз қамтылған отбасынан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсету жалғасуда», - дейді басқарманың маманы Балжан Әділханова.
Еске сала кетейік, биылғы жылы Павлодар облысында өткізілетін «Қамқорлық» республикалық акциясы аясында 10 мыңға жуық балаға 27 млн теңгеге көмек көрсету жоспарланып отыр.