Қазгидромет: Қазақстанда алдағы тәуліктерде тағы да күн суытады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: Қазақстанда алдағы тәуліктерде тағы да күн суытады

26.01.2016
Қазгидромет: Қазақстанда алдағы тәуліктерде тағы да күн суытады

Оған сәйкес, Ресейдің еуропалық аймағының орталығында қалыптасқан циклон атмосфералық ағымдармен бірге Қазақстанға көшеді. Осыған қарай өткен демалыс күндері біршама жылына түскен ауа райы енді қайта суытады. Сонымен қатар, қар жауып, бұрқасындатып, желдің күші секундына 15-25 метрге жетеді. 

Елдің оңтүстігіне Оңтүстік-Каспий циклоны әсер етеді. Бұл жерде жауын-шашын күндізгі +2 және +12 градустық жылымықтан басталып, түніне қарата ылғалды қар жауып, көктайғақ, тұман болып, желдің күші секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 25-28 метрге жетеді.

27-28 қаңтар күндері қар үздіксіз жауып, күн де суытады.  

Хабарламаларға жазылу