Жанқош Тұраров 30 қаңтарда өзінің кезекті жекпе-жегін өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанқош Тұраров 30 қаңтарда өзінің кезекті жекпе-жегін өткізеді

25.01.2016
Жанқош Тұраров 30 қаңтарда өзінің кезекті жекпе-жегін өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров 30 қаңтар күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында бразилиялық боксшы Хоаким Карнейроға қарсы 12 раундтық NBA тұжырымының белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді.

Бразилиялық боксшы Хоаким Карнейро барлығы 28 жекпе-жек өткізіп, 22 кездесуінде жеңіске жеткен (20 нокаут) және 6 рет жеңілген.

Ал, Жанқош Тұраров 17 кездесуінің барлығында жеңіске жеткен және 12-ін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Айта кетейік, Жаңқош Тұраров соңғы жекпе-жегін 2015 жылдың наурыз айында колумбиялық Дунис Линанды жетінші раундта нокаутпен ұтқан еді.

Хабарламаларға жазылу