Таңғы асқа жеуге қауіпті тағамдар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таңғы асқа жеуге қауіпті тағамдар

24.01.2016
Таңғы асқа жеуге  қауіпті тағамдар

Назарларыңызға ашқарынға жеуге қауіпті тағамдарды ұсынамыз:

Шұжықтан (колбаса) жасалған бутерброд

Көбінде ата-аналар балаларына таңғы асқа шұжықтан жасалған бутербродтар жасап береді. Ал, шұжық құрамында ағзаға зиян компоненттар бар. Кей компоненттар онкологиялық аурулардың тууына себеп болады. Сондықтан таңғы асқа шұжықтан (колбаса) жасалған бутербродтар жемеген жөн.

Тез әзірленетін таңғы ас

Қауыз  (хлопья)  арқылы тез әзірленетін таңғы астың адам ағзасына пайдасы жоқ. Себебі, бұндай тез дайындалатын  көмірсулар қан құрамындағы қантты өсіріп, аштық сезімін тудырады. Бұл артық салмақтың пайда болуына әсер етуі мүмкін.

Цитрусты тағамдар

Ашқарынға цитрусты сусын немесе жеміс  жеу аллергия немесе гастрит тудыруы ықтимал. Цитрусты сусындарды таңертең ішпес бұрын, толықтай таңғы ас жеп алған дұрыс.

Шикі көкөністер

Шикі көкөністер құрамында қышқыл көп болғандықтан асқазанның шырышты қабығын тітіркендіреді.

Сарымсақ

Сарымсақ құрамындағы аллицин өт қабы мен асқазан жолдарын тітіркендіріп, асқазанның түйілуіне әкелуі мүмкін.

Тәттілер

Таңғы асқа тәтті тағамдар жеу қан құрамындағы қантты көбейтіп, қан диабетінің пайда болуына әсер етеді. Сонымен қатар асқазан жұмысына кедергі келтіреді.

Хабарламаларға жазылу