Күнделікті өмірдегі ароматерапия - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күнделікті өмірдегі ароматерапия

24.01.2016
Күнделікті өмірдегі ароматерапия

Қалай ойлайсыз, үй жайлылығы тек қана әдемі жиһаз бен бөлмедегі түстердің үйлесімділігіне байланысты ма? Мүлдем олай емес.

Ойластырылған дизайн - үйдің тек негізі ғана. Үй жайлы болу үшін әр түрлі ұсақ-түйек нәрселермен толықтырылуы қажет, олардың ішіндегі ең маңыздысы - иіс. Білсеңіз, иіс біздің көңіл күйімізге әсер етеді екен. Біздің өмірге көзқарасымыз, жанұямен сөйлесу әдетіміз пәтердегі иіске байланысты болуы әбден мүмкін.

Қандай иістер жақсы әсер тигізеді?

Ароматерапия - қазіргі таңда релаксация мен жүйке жүйесін емдеудің танымал әдістерінің бірі. Ойлап көріңізші, қиын жұмыс күнінен кейін үйге келіп, шам жарығын сәл бәсеңдетіп, жақсы көретін кітабіңізді оқып немесе фильмді көре отырып, лаванда, иланг-иланг иісін иіскеп отыру қандай жақсы.

Үйіңізде достарыңызбен кездесуді ұйымдастырып жатсаңыз, сәл ғана білініп отыратын арнайы иістер қонақтарыңыздың бұл кешті көпке дейін ұмытпайтынына кепілдік береді.

Сіз білмеуіңіз мүмкін, алайда жақсы иістер сыртқы келбетіңізге, ден саулығыңызға, теріңіздің жарқырап тұруына әсер етеді. Дұрыс таңдап алынған жұпар иістер жақсы дем алуға септігін тигізеді.  Олар рахат алуға жауап беретін ми бөлігін жандандырып, ашушаңдылық пен көңілсіздіктен арылуға көмектеседі.

Сондықтан, әдемі және жас көрінгіңіз келсе, кешкі жаңалықтарды көрудің орнына өзіңізге жылы ванна дайындап, хош иісті гүлдерді иіскеп уақыт өткізуге болады.

Хабарламаларға жазылу