Көру қабілетін жақсартудың тиімді тәсілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көру қабілетін жақсартудың тиімді тәсілі

23.01.2016
Көру қабілетін жақсартудың тиімді тәсілі

Көру қабілетіңіз қайта оралсын десеңіз, бірқатар ережелерді қатаң сақтаған жөн.

  1. Көзге салмақ түсірмеңіз және мүмкіндігінше күндіз ұйықтауға тырысыңыз (немесе әр 2-3 сағат сайын бірнеше минуттай көзді жұмып, демалдыру қажет);
  2. 16 компоненттен тұратын көзге арналған жаттығуды үнемі жасаңыз;
  3. Көзілдіріктен мүлдем бас тартыңыз;
  4. Көзге арналған жаттығуды арнайы нүктелер арқылы жасау қажет:

Сұқ саусақ пен ортаңғы саусақтың ұшымен көз алмаларының үстінен 8 рет ептеп басыңыз. Бұл жаттығуды жасағанда көз ауырсынбайтындай болуы керек.  Бұдан соң, саусақтың ұшымен суретте көрсетілген көз нүктелеріне 2 реттен басу керек.

  1. Күн шықпас бұрын тұрып, кешкі сағат 22:00-де ұйықтаған дұрыс;
  2. Серуендеу кезінде алысқа көз тастаған жөн;
  3. Диета сақтау маңызды (тамақтану рационынан майлы, ұнды, қуырылған, ащы, кептірілген тағамдарды алып тастау қажет);
  4. Көзіңізді жылы сумен жиі шайыңыз;
  5. Кешкі сағат 19:00-ден соң компьютер қолданбаған абзал;
  6. Көру қабілеті қалпына келуі үшін үндінің «Тратака» жаттығуын жасау да жақсы көмектеседі;
  7. Физикалық ауыртпалық пен күйзелістен аулақ болыңыз.

Хабарламаларға жазылу