Бұл туралы осы елдің Ұлттық банкінің төрағасы Толқынбек Абдыгулов Азиялық даму банкінің делегация өкілдерімен кездесуі барысында мәлім етті.
«Ұлттық банк, Парламент пен Үкімет бірлесіп, Қырғызстан экономикасының долларға тәуелділігін азайту мақсатында тиісті жұмыстар атқаруда. Бұл шаралар ұлттық экономика мен елдің валютасын нығайтуды көздейді»,-деп хабарлады елдің басты қаржылық реттеушісінің баспасөз қызметі.
Қырғызстанның Ұлттық банкінің басшысы сонымен қатар, ел заңдарын Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарына сәйкестендіру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығын айтты.
Сонымен қатар, ол экономикасындағы дағдарыстық жағдайлармен күрес бағытында да көлемді жұмыстар жүзеге асырылып жатқандығын жеткізді.
Айта кетейік, Қырғызстанның Ұлттық банкі ұлтық валютаның бағамын тұрақтандыру мақсатында 3,75 млн доллар шығындай отырып, осымен елдің валюта нарығына 13-ші рет интервенция жүргізді.
Қаңтар айында аталмыш мақсатқа барлығы 78,45 млн доллар шығындалды, деп жазады КирТАГ агенттігі.